Duration 5:34

Сіз іздеп жүрген Ақиқат-Ерлан Ақатаев

103 watched
0
7
Published 31 May 2021

Ислам (араб.: إسلام‎) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі. Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаға бірігіп құлшылық етуде Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, исламның негізі қаланған орын; Ислам тарихын зерттеушілер исламның отаны мен уақыт өте келе құбыла құбылысын зерттеді. Патриция Крон, Майкл Кук және басқа да көптеген зерттеушілер мәтін мен археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, «әл-Харам мешітін» Араб түбегінің солтүстік-батысында орналасқан деп есептеді. (әңгімелеу мәдениетіне негізделген шығармаларда айтылған Меккеде емес)[3][4][5][6] Дэн Гибсон алғашқы исламдық мешіттер мен зираттардың бағыттары Петра көрсеткенін, Мұхаммед алғашқы аяндарын осы жерде қабылдағанын және ислам осында құрылғанын мәлімдеді.[7] #уағыз #қмдб #КуктеновАрсланбек

Category

Show more

Comments - 1